Сурет: NATS
Ұлыбританияда Ұлттық әуе қозғалысын басқару қызметінің (NATS) жүйесіндегі ірі ақауға байланысты тәуелсіз тергеу басталды. Ақау салдарынан мыңдаған рейс тоқтатылып, жүздеген мың жолаушының сапары кейінге қалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Financial Times мәліметінше, ақау британ әскери ұшағы ұсынған «жалған» деректерден кейін туындаған болуы мүмкін. Алайда елдің Қорғаныс министрлігі әскери тараптан қате кеткеніне қатысты ақпаратты жоққа шығарды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Ұшақтар рейсінің іркілісінен кейін NATS басшысы Мартин Рольфтің қызметіне қатысты Азаматтық авиация тәуелсіз тергеу бастады.
Айта кетейік, техникалық ақауға байланысты Алматыдан Лондонға ұшқан Air Astana ұшағы Франкфурт әуежайына қонуға мәжбүр болды. Әуе тасымалдаушысының дерегінше, Airbus A321 ұшағында 138 жолаушы болған.
