Қоғам

Ауыл тұрғындарына 5,5 млн гектар жайылым берілді

Сурет: Egemen Qazaqstan

Ауылдық елді мекендерде мал жаюға қолайлы аумақтардың қолжетімділігі артып келеді. Жер ресурстарын тиімді бөлу арқылы шаруашылықтарды дамытуға және ауыл тұрғындарының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге басымдық беріліп отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауда берген тапсырмасын жүзеге асыру аясында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекетке қайтару және қайта бөлу жұмыстары жалғасып жатыр. Негізгі басымдық ауыл тұрғындарын жайылымдық жерлермен қамтамасыз етуге және мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік жасауға берілген. Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді.

«Бүгінде мемлекетке 13 млн гектар жер қайтарылды. Оның 5,5 млн гектары қоғамдық жайылым ретінде пайдалануға әкімдіктердің қарамағына берілді. Осылайша, жайылымдық жер тапшылығын 8 млн гектардан 3 млн гектарға дейін азайтуға қол жеткіздік», деді Азат Сұлтанов.

Сондай-ақ қайтарылған 5 млн гектар жер ауыл шаруашылығы кәсіпкерлері мен ауыл тұрғындарына қоғамдық жайылым ретінде пайдалануға берілгені атап өтілді.

Көп оқылғандар