Сурет: Egemen Qazaqstan
Қазақстанда 20 қазаннан бастап сауда желілерінде отандық өнімнің міндетті үлесін қамтамасыз ету талабы күшіне енеді. Бұл талап әрбір тауар санаты мен кіші санатына қатысты болады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Үкімет отырысында ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев осыны мәлімдеді.
«20 қазаннан бастап әрбір тауар санаты мен кіші санатында отандық тауарлардың міндетті үлесінің болуы жөніндегі жаңа талаптар күшіне енеді. Сауда желілерімен қазақстандық өнімді ілгерілету бойынша 72 меморандум жасалды», деді министр.
Сонымен қатар елімізде сауда көлемі де артып келеді. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 61 трлн теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16%-ға өсті. Оның ішінде көтерме сауда көлемі 40,7 трлн теңгені, бөлшек сауда 20,5 трлн теңгені құрады.
