Қаржы

Алты айда ІЖӨ 71 млн теңгеден асты

Сурет: ашық дереккөз

2026 жылдың қаңтар-маусым айларында өндіріс әдісімен есептелген ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) көлемі 71 215 382,4 теңгені құрады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ІЖӨ нақты мәнде 4,1%-ға артқан.

Өңірлік жалпы өнімнің (ӨЖӨ) өсу қарқыны бойынша Ұлытау (15,3%), Түркістан (13,3%) және Солтүстік Қазақстан (11,4%) облыстары көш бастады.

ІЖӨ құрылымында Алматы қаласы 20,2%, Астана қаласы 12,5%, Атырау облысы 11,7% үлеспен ерекшеленді.

ІЖӨ өсіміне ең көп үлес қосқан өңірлер – Алматы қаласы (0,68 п.т), Астана қаласы (0,62 п.т) және Алматы облысы (0,47 п.т).

Алдағы үш жылда ІЖӨ-нің орташа өсімі 5%-дан жоғары болады деп күтілуде.

Көп оқылғандар