Сурет: Egemen Qazaqstan
Астанада әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік грант беру бойынша ашық конкурс жарияланды. Қаржылай қолдаудың ең жоғары мөлшері 5 миллион теңге, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Конкурсқа тиісті тізілімге енгізілген әлеуметтік кәсіпкерлер, сондай-ақ «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері қатыса алады.
Өтінімдер 2026 жылғы 15–20 қазан аралығында қабылданады. Құжаттарды тек электронды форматта kezekte.kz платформасы арқылы тапсыру қажет.
Белгіленген мерзімнен кеш жіберілген өтінімдер қарастырылмайды.
