Сурет: aqorda_resmi
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ Ашық чемпионатында жеңіске жетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыны осы тарихи жетістігімен құттықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Президент Рыбакинаның шеберлігі мен табандылығын жоғары бағалап, оның кәсібилігі жас теннисшілерге үлгі екенін атап өтті.
«Бұл – Сіздің әлемнің бірінші ракеткасы атағына лайық екеніңізді растайтын тамаша табыс. Сіз тағы да асқан шеберлік пен табандылық танытып, жоғары мәдениетіңізбен көпшілікті тәнті еттіңіз. Қазақстан халқы жетістіктеріңізді мақтан тұтады. Ерен жеңісіңіз жаңа белестерді бағындыруға жол ашсын! Сіздің кәсібилігіңіз Қазақстанның жас теннисшілері үшін үлгі-өнеге», – делінген құттықтауда.
Айта кетейік, Елена Рыбакина мансабында үшінші рет «Үлкен дулыға» турнирінің чемпионы атанды. АҚШ ашық чемпионатының финалында ол Беларусь өкілі Арина Соболенконы жеңді.
