Спорт

Рыбакина US Open чемпионы атанды

Сурет: Видеодан скрин

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мансабында үшінші мәрте «Үлкен дулыға» турнирінің жеңімпазы атанды. АҚШ ашық чемпионатының финалында ол Беларусь өкілі Арина Соболенконы ұтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Финал тартысты өтті. Бірінші сетте Рыбакинаға бір брейк жетіп, партияны 6:4 есебімен өз пайдасына шешті. Соболенко бірнеше қателік жіберді.

Екінші сетте қос теннисші тең күресті. Бұл жолы Соболенко 12-геймде мүмкіндігін пайдаланып, есепті теңестірді – 5:7.

Үшінші сетте Рыбакина қарсыласына мүмкіндік бермеді. Ол партияны 6:2 есебімен жеңіп, матчтағы жеңісін рәсімдеді.

Матчтың қорытынды есебі – 6:4, 5:7, 6:2. Елена Рыбакина – US Open чемпионы!

Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын америкалық Ти Фродинді жеңуден бастады. Кейін испаниялық Джессика Боусас Манейроны, украиналық Юлия Стародубцеваны және жапониялық Наоми Осаканы ұтып, ширек финалға жолдама алды.

Ширек финалда Рыбакина Қытай теннисшісі Чжэн Циньвэньді жеңіп, әлемдік рейтингте бірінші орынға шығуға мүмкіндік алды.

Осылайша, 14 қыркүйекте Қазақстан тарихында тұңғыш рет әйелдер арасындағы әлемнің бірінші ракеткасы атанды.

Жартылай финалда жаңа әлемнің бірінші ракеткасы америкалық Коко Гауффты сенімді түрде жеңіп, US Open финалына шықты.

Айта кетейік, Елена Рыбакина 2022 жылы Уимблдон турнирінде жеңіске жеткен. Ал 2026 жылдың қаңтарында қазақстандық теннисші Australian Open турнирінде топ жарды.

Енді Елена Рыбакинаның «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі жеңістерінің саны үшке жетті.

Бұған дейін танымал спорт порталы Қазақстанның және әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мен Беларусь өкілі Арина Соболенко арасындағы US Open финалына болжам жасаған болатын.

Көп оқылғандар