Спорт

Рыбакина US Open жеңісі үшін 5,5 млн доллар алды

Сурет: ашық дерекөзден

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open-2026 турниріндегі жеңісі үшін 5,5 миллион доллар сыйақы алды. Бұл әйелдер теннисі тарихындағы ең жоғары жүлде, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейінгі қаржылық рекорд та Рыбакинаға тиесілі еді: ол 2025 жылы Эр-Риядта өткен WTA қорытынды турнирінде жеңіске жетіп, 5 миллион 235 мың доллар алған.

Осылайша, спортшының кәсіби мансабындағы жалпы жүлде қоры 35,3 миллион долларға жетті. Бұл көрсеткіш бойынша ол әйелдер теннисі тарихындағы ең көп табыс тапқан спортшылар рейтингінде 11-орында тұр.

Елена Рыбакинаны тарихи жеңісімен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

Көп оқылғандар