Сурет: istockphoto.com
Сейсенбі күні әлемдік нарықта мұнай бағасы төмендеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Сауда деректеріне сәйкес, WTI маркалы мұнай фьючерстері 1,63%-ға арзандап, барреліне 92,21 долларды құрады. Brent маркалы мұнай бағасы 1,52%-ға төмендеп, 105,03 долларға жетті. Ал ресейлік Urals маркалы мұнайдың бағасы 8,47%-ға құлдырап, барреліне 118,23 доллар болды.
Бұған дейінгі сауда-саттықта мұнай баррелі шамамен 2 долларға қымбаттаған болатын.
Бұған дейін мұнай бағасы Сауд Арабиясының энергетикалық инфрақұрылымына жасалған шабуылдардан кейін жеткізілімдердің үзілу қаупіне байланысты өскен еді. Қазір нарық қатысушылары Ресей дизель отынын әлемдік нарыққа жеткізу көлемін арттыру мүмкіндігін де бағалап отыр.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ ресейлік дизель отынына қатысты санкциялық шектеулерді уақытша жеңілдеткен болатын.
