Сурет: Bild
Угандада дәстүрлі Торо корольдігінің билеушісі, әлемдегі ең жас монарх Ойо Ньимбу Кабамбу Игура Рукиди IV жер қойнына тапсырылды. Ол үш жасында таққа отырған болатын, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Король тамыз айының соңында 35 жасқа толмай, қатерлі ісік ауруынан қайтыс болды.
Қоштасу рәсімі ауқымды шараға айналды. Мәйіт құны шамамен 230 мың еуро болатын арнайы жабдықталған Mercedes GLE 400d көлігімен жеткізілді. Көлік ұзартылып, табытты адамдар жан-жақтан көре алуы үшін екі жаққа ашылатын есіктер қойылған.
Форт-Портал қаласындағы англикан соборына мыңдаған адам жиналды. Рәсімнен кейін бас дін қызметкері табытты корольдер жерленген жерге дейін 6 шақырым жаяу алып барды.
Ойо 1995 жылы небәрі үш жасында король атанды. Өткен жылы Гиннестің рекордтар кітабы оны әлемдегі ең жас король деп ресми түрде таныды. Монарх қоршаған ортаны қорғау және АИТВ-мен күрес мәселелеріне ерекше назар аударған. Оның құрметіне Уганда Англикан шіркеуі 15 миллион ағаш отырғызуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
Король қайтыс болған соң тақ мұрагерлігіне қатысты дау туындады. Король әулетінің бір бөлігі қарсылық білдіргенімен, 56 жастағы ханзада Эдвард Рукиди Кьянангома жаңа билеуші ретінде жарияланды.
Рәсім барысында ол марқұмның денесін дәстүрлі матамен жауып, қабірге 9 кофе дәнін тастап, жерге сүт құйды. Осылайша жаңа король ата-баба рухтарына өзін таныстырып, олардан қорғау сұрады.
Айта кетейік, Угандада ең жас монарх қайтыс болғаннан кейін таққа талас басталды.
