Қаржы

Елде инфляция деңгейі 9,3%-ға төмендеді

Сурет: ашық дереккөз

Үкімет пен Ұлттық банк инфляцияны тежеу шараларын жүргізуде. Қыркүйек қорытындысы бойынша жылдық инфляция тамыздағы 9,8%-дан 9,3%-ға дейін баяулады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин осыны мәлімдеді. Оның сөзінше, инфляцияның төмендеуіне азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқынының баяулауы ықпал етті. Қыркүйекте азық-түлік бағасы айлық мәнде 0,1%-ға төмендеген.

«Инфляцияны тежеу – Үкіметтің халықтың нақты табысын арттыру жөніндегі жұмысының бір бағыты болып саналады. Инфляцияның баяулауы аясында осы жылдың екінші тоқсанында халықтың нақты ақшалай табысы бірінші тоқсандағы 0,1%-дан 0,7%-ға дейін өсті», деді вице-премьер.

2026 жылғы қаңтар-маусымдағы өндіріс әдісімен ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) көлемі есепті деректер бойынша 71 215 382,4 теңгені құрады.

Көп оқылғандар