Орал қаласында бадминтоннан Қазақстан Республикасының чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Ел біріншілігіне Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарының, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларының командалары қатысуда.
Чемпионаттың ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Дәурен Мұқанов, облыстық бадминтон федерациясының вице-президенті Сергей Швечков, «Конденсат» компаниялар тобы кеңесі төрағасының орынбасары Дина Галиметденова және Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Армат Исанов қатысты.
Қазақстан чемпионатының негізгі мақсаты – үздік спортшыларды анықтау, бадминтонды кеңінен насихаттау және елімізде осы спорт түрінің дамуына үлес қосу.
Барлық қатысушыларға сәттілік, тартысты бәсеке және жоғары нәтижелер тілейміз!
