Сурет: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиді БРИКС саммитінің сәтті өтуімен құттықтап, халықаралық деңгейдегі шараның жоғары ұйымдастырылғанын жеткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Президент әлемдік экономика көшбасшыларының бірі саналатын Үндістанның ғылыми-техникалық саладағы жетістіктері мен халықаралық аренадағы беделіне тоқталды.
«Үндістан Сіздің парасатты әрі тегеурінді басшылығыңызбен прогресс пен орнықты даму жолында алға қарай нық қадам басып келеді», деді Президент.
Мемлекет басшысы қазақ-үнді қарым-қатынасы көптеген бағытта қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
«Бүгінде Қазақстанда үнді капиталының үлесі бар 600-дей компания нәтижелі жұмыс істейді. Былтыр елімізге 150 мыңға жуық Үндістан азаматы келді. Қазақстанда көптеген үнді студенттері білім алып жүр. Сондай-ақ біз халықаралық ұйымдар аясында тығыз ықпалдастық орнаттық», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Делиде «БРИКС плюс» форматындағы пленарлық отырыста сөз сөйледі. Мемлекет басшысы трансшекаралық инфрақұрылымға төнген қауіп-қатердің ұлғая түсуін тағы бір күрделі проблема ретінде атады.
