Жайық news

«JAIYQ SAZY» этнофестивалі Оралда 50 мыңнан астам көрермен жинады

Сурет: Бекзат Қанәділ

Қала күніне арналған мерекелік онкүндік аясында Оралда «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ашық аспан астында өткен ауқымды мәдени шара облыс орталығының 50 мыңнан астам тұрғыны мен қонағын жинады.

Фестивальге Қазақстан, Түркия және Өзбекстаннан танымал әншілер мен музыкалық ұжымдар қатысты. Сахнада Жұбаныш Жексенұлы, Bayansulu, Турар, Мақсат Рахмет, Ақылбек Бектасов, Тилек Базаров, «СақТау» этно-фьюжн триосы, сондай-ақ Түркия мен Өзбекстан әртістері — Murat Yaprak пен Севара Туланова өнер көрсетті.

Фестиваль бағдарламасында дәстүрлі өнер мен заманауи музыкалық бағыттар үйлесім тапты. Көрермендерге халық әндері, күйлер, жыр мен терме ұсынылып, ұлттық билер мен заманауи эстрадалық нөмірлер көрсетілді. Мерекелік кеш түрлі-түсті салютпен аяқталды.

Көп оқылғандар