Басты тақырып

Тоқаев БРИКС саммитінде бірқатар делегация басшыларымен кездесті

Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС саммиті аясында бірнеше ел мен халықаралық ұйымдардың делегация басшыларымен жүздесті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Нью-Делиде өткен саммит барысында Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен, Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагиммен, Вьетнам Премьер-министрі Ле Минь Хынгпен, Бурунди Президенті Эварист Ндайишимийемен, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесуспен, Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен және Таиланд Премьер-министрінің орынбасары Сихасак Пуангкеткеомен әңгімелесті.

Кездесулерде екіжақты ынтымақтастықтың түрлі саладағы перспективалары және халықаралық құрылымдар шеңберіндегі ықпалдастық мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар Президент Нью-Делиде «БРИКС плюс» форматындағы пленарлық отырыста сөз сөйлеп, трансшекаралық инфрақұрылымға төнген қауіп-қатердің ұлғаюын тағы бір күрделі проблема ретінде атады.

Көп оқылғандар