Сурет: kazhydromet.kz
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамы бойынша, 15 қазанда шығыс пен оңтүстік-шығыста кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Сол күні шығыс пен солтүстікте көктайғақ болады. Орталық пен оңтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ел аумағында жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.
Ауа температурасының төмендеуі еліміздің басым бөлігінде күтіледі:
Солтүстік-батыста: күндіз +10…+22°С;
Солтүстікте: түнде -1…-6°С, күндіз +3…+13°С;
Орталықта: түнде -6…+3°С, күндіз +4…+15°С;
Шығыста: түнде -5…+5°С, күндіз -1…+9°С;
Оңтүстік-шығыста: түнде +5…+10°С, таулы аудандарда -2…+3°С, күндіз +10…+22°С, таулы аудандарда +5…+10°С.
Бұған дейін «Қазгидромет» 13 қазанда 8 қалада ауа сапасы нашарлайтынын мәлімдеген болатын.
