Жайық news

БҚО-да 4 720 жұмысшының құқығы қорғалды

Сурет: Жайық Пресс

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуын талдау жүргізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Тексеру барысында 51 ұйымда жұмысшыларды жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың жоқ екені анықталды.

Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде 4 720 жұмысшының конституциялық құқықтары қалпына келтіріліп, олар еңбек міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырумен қамтамасыз етілді.

Қабылданған шаралар өндірістік жарақат, еңбекке қабілеттіліктен айырылу немесе қаза болу жағдайларында жұмысшыларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау жұмысы жалғасуда.

Көп оқылғандар