Сурет: Ақорда
БҰҰ-ны қазіргі геосаяси шындыққа бейімдеп, реформалау қажет. Бұл туралы ұйымның Бас хатшысы Антониу Гутерриш мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Гутерриш бұл пікірді Үндістанда өтіп жатқан БРИКС саммитіне жолдаған үндеуінде білдірді.
«Бүгінгі экономикалық, демографиялық және геосаяси жағдай 1945 жылғы ахуалдан өзгеше. Біздің құрылымдарымыз да осы өзгерістерді көрсетуі керек», деді ол.
Сонымен қатар Гутерриш саммитке қатысушы елдердің өзі әлемдегі ахуалдың қаншалықты өзгергенін көрсететінін атап өтті.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев трансшекаралық инфрақұрылымға төнетін қауіп-қатердің күшеюін тағы бір күрделі мәселе ретінде атаған еді. Мемлекет басшысы жетекші державалар арасындағы сенім деңгейінің төмендеуі БҰҰ-ның тиімді әрекет ету мүмкіндіктерін шектейтінін атап өтті.
