Сурет: Sports.kz
US Open-2026 чемпионы Елена Рыбакина финалдан кейін әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
«Нью-Йоркке деген сүйіспеншілігім күн санап артып келеді. Қолдауларыңыз үшін баршаңызға рақмет. Бұл сәтті ешқашан ұмытпаймын», деп жазды Рыбакина Instagram парақшасында.
Теннисші жеңісінен кейінгі сәттердің суреттерін де жариялады.
Айта кетейік, Елена Рыбакина мансабында үшінші рет «Үлкен дулыға» турнирінің чемпионы атанды. АҚШ ашық чемпионатының финалында қазақстандық спортшы Беларусь өкілі Арина Соболенконы жеңді. Ол US Open жеңісі үшін 5,5 миллион доллар сыйақы алды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны теннистен АҚШ Ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтады.
