Басты тақырып

Бельгия королі мен патшайымы асыл тұқымды арғымақтарды тамашалады

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың резиденциясында құрметті қонақ болған Бельгия корольдік отбасы асыл тұқымды арғымақтарды тамашалады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бапкерлер король мен патшайымға сәйгүліктердің шығу тегі мен күтімі жайлы әңгімелеп, қазақ халқының ұлттық ойындарынан шағын көрініс ұсынды.

Айта кетейік, Бельгия королі мен патшайымы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген. Мемлекет басшысы құрметті қонақтарды Ақордада қарсы алып, шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді. Сонымен қатар Бельгия королі мен патшайымы Ұлттық музейге барды.

Көп оқылғандар