Сурет: Report
Индонезиялық құтқарушылар Ява теңізінде «Virgo Transport 8» паромы апатқа ұшыраған жерден 6 адамның денесін тапты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Банджармасин қаласының Іздеу-құтқару басқармасының мәліметінше, апат салдарынан 130 жолаушы мен экипаж мүшесі із-түзсіз жоғалған. Кемедегі 107 адам құтқарылды.
Паром Шығыс Ява провинциясындағы Сурабая қаласынан Борнео аралындағы Оңтүстік Калимантан провинциясының Банджармасин қаласына қарай бет алған. Кемеде барлығы 243 адам болған, оған қоса 89 көлік тиелген.
«Кеме капитаны апат сигналы берілгенге дейін теңіздегі толқынның биіктігі үш метрге жеткенін хабарлаған. Ол кеменің бір бүйіріне қарай қатты қисайғанын айтқан, кейін билікке кеменің аударылып кеткені туралы ақпарат келіп түскен», — делінген басқарма мәліметінде.
Іздеу-құтқару жұмыстарына бірнеше құтқару тобы, 8 кеме, оның ішінде 4 әскери кеме және екі тікұшақ жұмылдырылды.
Бұған дейін Индонезияда паром суға батып кеткені туралы хабарлаған болатынбыз.
