Жайық news

ІІМ жүргізуші куәлігін алу емтихандарының ережесін өзгертті

Сурет: Жайық Пресс

Ішкі істер министрлігі көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру ережелеріне өзгерістер әзірледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдетіп, жылдамдатуды мақсат етіп отыр. Артық рәсімдер алынып тасталады: көлік құралын қайта жабдықтағаннан кейін жеке тексеру қажет болмайды, енгізілген өзгерістердің қауіпсіздігін растайтын құжат жеткілікті.

Емтиханды бірінші реттен тапсыра алмаған жағдайда, оны келесі жұмыс күні қайта тапсыруға болады. Екінші сәтсіз әрекеттен кейін дайындық үшін 10 күнтізбелік күн беріледі. Теориялық немесе практикалық емтиханды үш реттен сәтсіз тапсырғаннан кейін келесі әрекеттер ақылы негізде жүзеге асырылады. Бұл шара кандидаттардың терең біліммен келуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Сонымен қатар, практикалық емтихан тапсырылмаса, теориялық емтиханның оң нәтижесі енді жойылмайды.

Шетелдік жүргізуші куәліктерін ауыстыру тек теориялық емтиханды оң тапсырғаннан кейін және шет мемлекеттің құзыретті органынан жүргізуші куәлігінің түпнұсқалығын ресми сұраныс бойынша растау алынғаннан кейін жүзеге асырылады. Бұл жолдардағы жалған құжаттардан қорғау шарасы.

«Құрметті азаматтар! Ішкі істер министрлігі көлік құралдарын тіркеу және оларды басқару құқығына емтихан тапсыру ережелеріне өзгерістер әзірледі. Біздің мақсатымыз – мемлекеттік қызметтерді алуды қарапайым әрі жылдам ету. Артық рәсімдер алынып тасталады. Көлік құралын қайта жабдықтағаннан кейін жеке тексеру қажет емес, енгізілген өзгерістердің қауіпсіздігін растайтын құжат жеткілікті. Егер бірінші реттен емтихан тапсырылмаса, келесі жұмыс күні қайта тапсыруға болады. Екінші сәтсіз әрекеттен кейін дайындыққа 10 күнтізбелік күн беріледі. Теориялық немесе практикалық емтиханды үш реттен сәтсіз тапсырғаннан кейін келесі әрекеттер ақылы негізде жүзеге асырылады. Бұл шара кандидаттардың терең біліммен келуін қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, практикалық емтихан тапсырылмаса, теориялық емтиханның оң нәтижесі енді жойылмайды. Шетелдік жүргізуші куәліктерін ауыстыру тек теориялық емтиханды оң тапсырғаннан кейін және шет мемлекеттің құзыретті органынан жүргізуші куәлігінің түпнұсқалығын ресми сұраныс бойынша растау алынғаннан кейін жүзеге асырылады. Бұл жолдардағы жалған құжаттардан қорғау шарасы. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз. Жол жүру ережелерін сақтаңыз!» – деді ІІМ әкімшілік полиция комитеті басқармасы бастығының орынбасары Ақтоты Боранова.

Көп оқылғандар