Сурет: ашық дереккөзден
«Қазгидромет» деректеріне сәйкес, 14 қыркүйек дүйсенбіде Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Республиканың оңтүстігінде ауа температурасы +33 градусқа дейін жетеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Астанада ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғып, екпіні 15-20 метрге жетеді. Түнде термометр +10…+12, күндіз +18…+20 градусты көрсетеді.
Алматыда да жауын-шашын күтілмейді, күн құбылмалы бұлтты. Жел 3-8 м/с. Түнде +16…+18, күндіз +30…+32 градус жылы болады.
Шымкентте жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Жел 8-13 м/с. Түнде +13…+15, күндіз +29…+31 градус.
Ақтауда жауын-шашын күтілмейді, жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +12…+14, күндіз +21…+23 градус.
Ақтөбеде ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с. Түнде +8…+10, күндіз +22…+24 градус.
Атырауда күн аз бұлтты, жауын-шашын болмайды. Жел 2-7 м/с. Түнде +13…+15, күндіз +30…+32 градус.
Жезқазғанда жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты. Жел 9-14 м/с. Түнде +8…+10, күндіз +24…+26 градус.
Қарағандыда да жауын-шашын күтілмейді. Жел 9-14 м/с. Түнде +8…+10, күндіз +19…+21 градус.
Көкшетауда кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 15-20 м/с, екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +10…+12, күндіз +15…+17 градус.
Қонаевта жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы. Жел 9-14 м/с. Түнде +16…+18, күндіз +31…+33 градус.
Қостанайда жауын-шашын күтілмейді, жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +8…+10, күндіз +18…+20 градус.
Қызылордада күн ашық, жауын-шашынсыз. Жел 4-9 м/с. Түнде +14…+16, күндіз +29…+31 градус.
Павлодарда жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +12…+14, күндіз +21…+23 градус.
Петропавлда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +10…+12, күндіз +15…+17 градус.
Семейде жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты. Жел 5-10 м/с, екпіні 15-18 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +13…+15, күндіз +25…+27 градус.
Талдықорғанда жауын-шашын күтілмейді. Жел 5-10 м/с. Түнде +8…+10, күндіз +31…+33 градус.
Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Түнде +13…+15, күндіз +27…+29 градус.
Түркістанда жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты. Жел 8-13 м/с. Түнде +12…+14, күндіз +29…+31 градус.
Оралда жаңбыр жауады, күн құбылмалы бұлтты. Жел 9-14 м/с. Түнде +12…+14, күндіз +22…+24 градус.
Өскеменде жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты. Жел 1-10 м/с. Түнде +12…+14, күндіз +28…+30 градус болады.
