Сурет: Egemen Qazaqstan
Азамат Бақытжанұлы Хасенов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
«Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Бақытжанұлы Хасенов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы лауазымына тағайындалды», делінген хабарламада.
Бұған дейін Мемлекет басшысының өкімімен Қорғаныс министрлігіндегі үш лауазымды тұлға қызметінен босатылғанын еске саламыз.
