Басты тақырып

Азамат Есқараев Президент Әкімшілігіне тағайындалды

Сурет: Үкімет

Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Президент Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар мемлекет басшысының Жарлығымен ол Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бангладеш Халық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы және Непалдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Бұған дейін бүгін Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары мен Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасарын тағайындағаны хабарланған болатын.

Көп оқылғандар