Жайық news

Қаратөбеде 123 қызметкердің медициналық сақтандыру жарналары кешіктірілген

Сурет: Жайық Пресс

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының прокуратурасы медициналық сақтандыру заңнамасының сақталуын талдау барысында жұмыс берушілердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарын кешіктіргенін анықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кешіктірілген сома 2 млн теңгеден асты. Бұл 123 қызметкердің кепілдендірілген медициналық көмек алу жөніндегі конституциялық құқығының жүзеге асуына кедергі келтірген.

«Мұндай бұзушылықтарды прокурорлар «Қаратөбе» спорт клубы» МКМ және «Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Қаратөбе аудандық демалыс орталығы» МКМ қызметінен 2024-2026 жылдары анықтады. Прокуратура ұсынымы бойынша қаражат төленді, ал аталған кәсіпорындардың директорлары ҚР ӘҚБтК-нің 92-1-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деп жазады БҚО прокуратурасының баспасөз орталығы.

Прокуратура жарналар мен аударымдарды уақтылы төлеу — міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде азаматтардың медициналық көмекке үздіксіз қолжетімділігінің негізі екенін еске салады.

Көп оқылғандар