Қаржы

Қазақстанға 155 млрд доллардан астам шетелдік инвестиция тартылды

Сурет: istockphoto.com

Қазақстан экономикасына 155 миллиард доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция құйылған. Соңғы жеті жылда бұл қаражаттың басым бөлігі өңдеу өнеркәсібіне, химия саласына, сондай-ақ көлік, байланыс және қаржы секторларына бағытталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Елімізге инвестиция салып отырған ірі мемлекеттер қатарында Ресей, Қытай, АҚШ, Нидерланд, Швейцария және Франция бар. Сонымен қатар Азия мен Таяу Шығыс өңірлерінен келетін салымдардың көлемі де ұлғайып келеді.

БҰҰ-ның Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) мәліметтері бойынша, 2025 жылы Қазақстан жаңа жобаларға 19 миллиард доллар инвестиция тартқан. Бұл көрсеткіш Солтүстік және Орталық Азияға бағытталған жалпы инвестиция көлемінің шамамен 89 пайызын құрайды.

Көп оқылғандар