Спорт

Рыбакинаға әлемнің бірінші ракеткасы атағы үшін арнайы кубок берілді

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA әлемдік рейтингінде алғаш рет көш бастаған соң арнайы кубокқа қол жеткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Спортшы Нью-Йорк қаласының көрінісі аясында жүлдемен суретке түсті. Кубок жұлдыздар картасы бейнеленген күміс түсті теннис добынан тұрады.

Айта кетейік, отандасымыз US Open турнирінде жеңіске жетіп, тарихи нәтижеге қол жеткізді.

Осы жеңісі үшін Рыбакина 5,5 миллион доллар көлемінде сыйақы алды. Бұл — әйелдер теннисі тарихындағы ең жоғары жүлде.

Көп оқылғандар