Жайық news

Оралдан Мәскеуге тікелей рейс ашылады

Сурет: Жайық Пресс

Оралдағы Мәншүк Мәметова атындағы халықаралық әуежайдан 2026 жылғы 28 қазаннан бастап Мәскеуге тікелей рейстер ұша бастайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа бағытты Nordwind әуекомпаниясы қамтамасыз етеді. Бұл — Орал әуежайы үшін жаңа тасымалдаушы.

Рейстер аптасына екі рет — сәрсенбі және жексенбі күндері, күзгі-қысқы навигация кезеңі бойы орындалады. Ұшулар 189 жолаушыға арналған Boeing 737-800 ұшағымен жүзеге асады. Авиабилеттер қазірдің өзінде сатылымда.

Аталған бағыт аймақ тұрғындарының Мәскеумен тікелей әуе қатынасы қажеттігі туралы бірнеше мәрте айтқан өтініштерінің нәтижесінде ашылып отыр. Жолаушылар енді ресейлік астанаға ауысып отырмай-ақ жете алады.

Мәскеу — ірі авиациялық торап болғандықтан, жаңа бағыт жолаушыларға Ресейдің басқа қалаларына және өзге де бағыттарға одан әрі ұшу мүмкіндігін береді.

Орал халықаралық әуежайы аймақтың әуе қатынасын қолжетімді әрі қолайлы ету жұмысын жалғастырып келеді.

Ақпарат көзі: Мәншүк Мәметова атындағы Орал халықаралық әуежайының баспасөз қызметі.

Көп оқылғандар