Сурет: gov.kz
Астана әуежайында Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында өткен пара оқ атудан әлем чемпионатының жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Әлемнің 53 елінен 350-ге жуық үздік спортшы қатысқан ауқымды додада бәсекелестік жоғары болды. Астана атынан сынға түскен спортшылар мықтылығын көрсетіп, Қазақстан құрамасының қоржынына екі қола медаль салды.
Жекелей сында Александр Пасхалиди үздік нәтиже көрсетті. Ол P1 – SH1 санатындағы 10 метр қашықтан пневматикалық тапаншамен ату сайысында өнер көрсетті. Тартысты финалда қазақстандық мерген 215,3 ұпай жинап, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Екінші қола медальді Ардақ Оторбаев ел қоржынына салды. Ол R1 – 10 метр қашықтықтан пневматикалық мылтықпен ату сайысында Қазақстан құрамасы сапында командалық бәсекеде үздік үштіктен көрінді. Қазақстан құрамасы жалпы есепте 1854,4 ұпай жинап, жүлделі орынға ие болды.
Елорда әуежайында спортшыларды жақындары мен жанкүйерлері салтанатты түрде қарсы алды.
