Сурет: Никита Басов
Қазақстан құрамасының мүшелері Тимофей және Сергей Емельяновтар Жапонияның Айчи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ерлер арасындағы 500 метрлік каноэ-екілік финалында Тимофей мен інісі Сергей Емельяновтар үшінші болып мәреге жетіп, қола жүлдеге қол жеткізді.
Бұған дейін бүгін ескекшілер алтын және күміс медальдарды жеңіп алған. Осылайша, Қазақстан құрамасы есу спортынан қысқа уақыт ішінде үш жүлдеге ие болды. Бұл жетістіктің маңызын арттыратын тағы бір жайт – өткен жазғы Азия ойындарында Қазақстан осы есу түрлерінен бірде-бір медаль алмаған болатын.
