Спорт

Азиада-2026: Шмелева мен Токарницкая күміс жүлде алды

Сурет: Никита Басов

Байдарка мен каноэде есуден Қазақстан құрамасының спортшылары Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкая Жапонияның Аичи префектурасындағы Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Спортшылар 500 метрлік қашықтықта байдарка-екілік сайысында әйелдер арасында өнер көрсетті. Финалда Шмелева мен Токарницкая екінші орын алып, Қазақстан қоржынына тағы бір күміс медаль қосты.

Соңғы жылдары елімізде есу спортын дамытуға, оның ішінде заманауи инфрақұрылым құруға баса назар аударылып келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Түркістанда халықаралық деңгейдегі ескек есу каналы салынды. 2025 жылы іске қосылған кешеннің аумағы шамамен 100 гектар, ұзындығы 2,2 шақырымнан асады.

Бұл нысан спортшыларға толыққанды жаттығуға, оқу-жаттығу жиындарын ел ішінде өткізуге және ірі халықаралық жарыстар ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Жаңа инфрақұрылым ұлттық құраманың сапалы дайындығына жағдай жасап, есу спортын одан әрі дамытуға серпін бермек.

Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкаяның күмісі Қазақстан құрамасының XX жазғы Азия ойындарындағы кезекті медалі болды. Бұған дейін ескекшілер Владислав Яковлев пен Иван Чернухин А финалында мәреге бірінші жетіп, Азиада чемпионы атанған еді.

Көп оқылғандар