Спорт

Қазақстан пара велоспортынан Азия Пара ойындарында тағы екі алтын, екі күміс алды

Сурет: ТСМ

Тасжолдағы велоспорт жарысында Қазақстан спортшылары Азия Пара ойындарында тағы екі алтын және екі күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ерлер арасында B класында 65 шақырымдық қашықтықта Наиль Ермұханбет пен оның пилоты Руслан Әлиев 2 сағат 1 минут 21 секунд нәтижемен алтын медаль иеленді. Кирилл Илюкевич пен пилоты Глеб Бруссенский 2 сағат 11 минут 42 секунд нәтижемен күміс жүлдегер атанды.

Әйелдер арасында 55 шақырымдық қашықтықта Анастасия Калаус пен пилоты Полина Братчикова 2 сағат 5 минут 47 секунд нәтижемен алтын медаль жеңіп алды. Жұлдыз Қайнарова мен пилоты Анжелла Соловьева 2 сағат 9 минут 43 секунд нәтижемен күміс жүлдегер атанды.

V Азия Пара ойындарының жетінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасының қоржынындағы жалпы жүлде саны 47 медальға жетті. Оның ішінде 12 алтын, 15 күміс және 20 қола медаль бар.

Көп оқылғандар