Сурет: ашық дереккөзден
Біріккен Араб Әмірліктерінің Умм-әл-Кайвайн әмірлігінде танкерден мұнай төгілуіне байланысты барлық жағажайлар мен жағалау аймақтары уақытша жабылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Климаттың өзгеруі және қоршаған орта мәселелері жөніндегі министрлік мәлімдеді. Ластанған аумақтардың нақты көлемі әзірге белгісіз. Шарджа мен Аджман қалаларының тұрғындары жағымсыз иіс сезгені айтылды. Ведомство өкілдері оның халық денсаулығына қауіп төндірмейтінін мәлімдеді.
«Мамандар қоршаған ортаға келетін зиянды азайту үшін тазарту және зардаптарды жою жұмыстарын бастады. Жағалау суларына тексеру жүргізіліп жатыр. Алдын алу шаралары аясында министрлік әмірліктегі барлық жағажайлар мен жағалау аймақтарын уақытша жапты. Шектеулер жұмыстар аяқталып, қажетті әрі қарайғы шаралар айқындалғанға дейін күшінде болады», делінген ведомство хабарламасында.
Министрлік тұрғындарды зардап шеккен аймақтарда балық аулаудан уақытша бас тартуға шақырды. Кеменің атауы ресми түрде жарияланған жоқ. Алайда Saudi Gazette басылымының мәліметінше, 9-10 қазанда ұзындығы 330 метр болатын Gem No.2 мұнай танкеріне Иранның ұшқышсыз ұшу аппараты шабуыл жасаған болуы мүмкін. Сол кезде кемеден Үндістанның 22 теңізшісі құтқарылған.
Мазмұнға өту
