Әлем

Қазақстан БҰҰ Бас хатшысы лауазымына БАӘ ұсынған үміткерді қолдады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктерінің мемлекеттік министрі Лана Заки Нусейбені БҰҰ Бас хатшысы қызметіне ұсыну бастамасын қолдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. Астананың пікірінше, үміткерлер санының көбеюі ортақ келісімге жетуге жол ашады.

Сонымен қатар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі келіспеушіліктер ұйымның жаңа басшысын сайлау үдерісін қиындатып отыр.

Қазақстан кандидаттарды іріктеу кезінде олардың кәсіби қасиеттерін ескеріп, сайлау үдерісінің ашық әрі әділ өтуін қолдайды. Еліміз БҰҰ-ның рөлін нығайтып, ұйым жұмысының тиімділігін арттыру қажеттігін де атап өтті.

Көп оқылғандар