Сурет: Жайық Пресс
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Қабыршақты ауылында жаңа ауылдық мәдениет үйі пайдалануға берілді. Салтанатты рәсімге облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Мендіғалиев, аудан басшылығы және ауыл тұрғындары қатысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
1961 жылы салынған бұрынғы мәдениет үйі уақыт өте келе тозған және апатты деп танылған болатын. Жаңа ғимараттың ашылуы ауылдық округтің мәдени өміріне серпін береді. Жобаның құны 376 млн теңгені құрап, оны «АлТим» ЖШС жүзеге асырды. Жаңа мекеменің көрермендер залы 100 орынға есептелген.
Облыс әкімінің орынбасары Ақжайық ауданының тұрғындарына облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің құттықтауын жеткізді.
«Красота села определяется не только его внешним обликом, но и духовным богатством. В этом смысле открытие нового объекта, безусловно, станет значимым событием в социально-культурной жизни села Кабыршакты. От имени главы региона поздравляю всех с национальным праздником и желаю каждой семье благополучия и радости. Пусть дом культуры станет центром единства и согласия, искусства и духовных ценностей!» — отметил Кайыржан Мендигалиев.
Ауыл тұрғындары облыс басшылығына және осы маңызды жобаны іске асыруға қатысқандардың барлығына алғыс білдірді. Іс-шараға қатысушылар жаңа ғимаратты аралап, концерттік бағдарламаны тамашалады. Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің атынан шығармашылық ұжымға 10 домбыра сыйға тартылды. Жаңа ғимараттың ауласында қарағай көшеттері отырғызылды.
Айта кетейік, соңғы үш жылда Ақжайық ауданының Жамбыл, Мерген және Бударин ауылдарында мәдениет үйлеріне күрделі жөндеу жүргізілді, ал Көнеккеткен ауылында жаңа ғимарат пайдалануға берілді. 2023 жылдан бері өңірде 17 жаңа мәдениет нысаны салынды.
Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Мазмұнға өту
