Сурет: Жайық Пресс
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Жанғали обаға қарсы бөлімшесіне барып, оның жұмысын ұйымдастырумен танысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Сапар барысында бөлімшенің негізгі қызмет бағыттары ұсынылды: аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтарын зерттеу, эпизоотологиялық мониторинг жүргізу, зертханалық зерттеулерді ұйымдастыру және профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыру.
Материалдық-техникалық база мен зертханалық инфрақұрылымның жай-күйіне ерекше назар аударылды. Бұл бағыттар бөлімшенің тиімді жұмысын қамтамасыз ету және обаға қарсы қызметтің жүктелген міндеттерді орындауға дайындығын қолдау үшін маңызды.
Комитет төрағасының Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары екі күнге жоспарланған. Бағдарламада облыс әкімінің орынбасарымен кездесу, Комитеттің кеңейтілген көшпелі мәжілісі, сондай-ақ өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық қызмет нысандарына бару қарастырылған.
Бейінді ұйымдарға бару бөлімшелердің ағымдағы жұмысымен танысуға, инфрақұрылымның жай-күйін бағалауға және назар аударуды қажет ететін өзекті мәселелерді айқындауға мүмкіндік береді.
Мазмұнға өту
