Сурет: Transnet Freight Rail
Оңтүстік Африка Республикасы ұзындығы 7,6 шақырым болатын, 696 вагоннан тұратын жүк пойызымен әлемдік рекорд жасады. Пойыз Салданья портынан Сишен кенішіне дейінгі 861 шақырым қашықтықты жүріп өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін бұл рекорд 1989 жылы Оңтүстік Африкаға тиесілі болған, алайда 2001 жылы ол Австралияға өткен болатын. 25 жылдан кейін әлемдік рекорд қайтадан Оңтүстік Африкаға оралды.
Пойыздың локомотивтері бүкіл құрам бойына орналастырылып, тарту күші мен тежеу жүйесін бірлесіп басқару үшін сымсыз байланыс арқылы өзара синхрондалған.
Мазмұнға өту
