Спорт

Азия ойындары: ауыр атлетикадан ұлттық құрама жасақталды

Сурет: Ұлтық Олимпиада комитеті

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы Жапонияның Аичи провинциясы мен Нагоя қаласында өтетін XX жазғы Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Дүрмекті додасында ел намысын ерлер арасында Өтепберген Әлиев (60 кг), Сайрамкез Ақмолда (65 кг), Бексұлтан Айтбай (75 кг), Алексей Чуркин (85 кг), Нұрғиса Әділетұлы (95 кг) қорғайды. Ал әйелдерден Екатерина Алякина (57 кг), Арай Нұрлыбекова (69 кг), Аянат Жұмағали (77 кг), Айғаным Жанболат (86 кг) пен 86 келіден аса салмақтағы Любовь Ковальчук сынға түседі.

Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында болады.

Осыған дейін бокстан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушылары Нұржан Насанов пен Елдос Сайдалин ерлер мен әйелдер командасын жасақтап, Азиадаға баратын спортшылардың тізімін жария еткен еді.

Көп оқылғандар