Сурет: Sports.kz
Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA 500 санатындағы жарыстардағы жеңістер саны бойынша үздік төрттікке кірді. Бұл көрсеткішке ол 117-матчында қол жеткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің екінші айналымында қазақстандық теннисші Өзбекстан өкілі Полина Кудерметованы ұтты. Бұл жеңіс Рыбакинаға WTA 500 және бұрынғы жіктеудегі соған тең дәрежелі жарыстардың негізгі кезеңдерінде 80-жеңісін сыйлады.
2009 жылы турнирлер жүйесі жаңарғаннан бері бұл межеге Рыбакинаға дейін үш теннисші жеткен: чехиялық Петра Квитова мен беларусь Арина Соболенко 80 жеңіс үшін 112 матч өткізсе, даниялық Каролина Возняцки 113 матчта осы нәтижеге қол жеткізген.
Айта кетейік, әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жуырда жарақатынан айығып, кортқа қайта оралған болатын.
Мазмұнға өту
