Сурет: Sports.kz
Қазақстандық стенд атушы Әсем Орынбай Жапонияның Айти мен Нагоя қалаларында жалғасып жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Әйелдер арасындағы скит сайысының финалында ол 28 нысананы дәл көздеп, үшінші сатыға тұрақтады.
Жарыстың алтын медалін Қытай спортшысы Цзян Итин 35 нысанамен иеленсе, Таиланд өкілі Исарапа Импрасертсук 31 нысанамен күміске қол жеткізді.
Қазақстанның тағы бір өкілі Зоя Пискун финалды 18 нысанамен алтыншы орында тәмамдады.
Орынбай үшін бұл — аталмыш Азия ойындарындағы екінші жүлде. Бұған дейін ол Зоя Пискун және Әдел Садақбаевамен бірге командалық есепте күміс медаль алған еді.
Спортшы Азия ойындарында жеке скитте қатарынан екінші мәрте қола жүлдегер атанып отыр. 2022 жылы Ханчжоуда өткен ойындарда да ол үшінші орынға ие болған. Сол жолы қазақстандық спортшы әйелдер арасындағы командалық турнирде және аралас командалық жарыста алтын медаль жеңіп алған болатын.
Осылайша, Қазақстанның Айти мен Нагоядағы Азия ойындарындағы медаль қоржыны 17 жүлдеге жетті: 7 алтын, 4 күміс және 6 қола.
Айта кетейік, Алексей Луценко 6 дүркін Азиада чемпионы атанды.
