Сурет: Жайық Пресс
Орал қаласында экология департаменттерінің сынақ зертханаларының мамандарына арналған оқыту семинары өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Семинардың негізгі тақырыбы – «СПЕКТРОСКАН МАКС-G» және «МАКС-GVM» спектрометрлерін пайдаланып, суда, топырақта және ауада ауыр металдардың мөлшерін анықтау.
Қатысушылар жабдықты пайдалану ерекшеліктерін, рентгенфлуоресценттік талдау әдістерін қолдану жолдарын, сондай-ақ кәсіпорындардың өндірістік экологиялық бақылау шеңберінде ұсынатын деректерінің дұрыстығын тексеру мәселелерін зерделеді.
Практикалық оқытуды зертханалық жабдық өндірушісі – Санкт-Петербург қаласындағы «Спектрон» ғылыми-өндірістік бірлестігінің мамандары жүргізді. Сарапшылар спектрометрлердің жұмысын көрсетіп, зерттеу жүргізу бойынша ұсыныстармен бөлісті.
Алынған білім зертханалық өлшеулердің дәлдігін арттыруға, экологиялық нормативтердің бұзылуын уақтылы анықтауға және тексерулер кезінде дәлелдемелік базаны нығайтуға мүмкіндік береді. Бұл мемлекеттік экологиялық бақылаудың тиімділігін және қабылданатын шаралардың негізділігін арттыруға ықпал етеді.
Мазмұнға өту
