Сурет: Report
Индонезияның Ява теңізінде «Virgo Transport 8» паромы апатқа ұшыраған соң қаза тапқандар саны 20 адамға жетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Апат салдарынан 115 адам із-түзсіз жоғалып кетті. 108 адам құтқарылды.
Айта кетейік, бортында 243 адам болған «Virgo Transport 8» кемесі 12 қыркүйекте Шығыс Явадағы Сурабая қаласынан Борнео аралындағы Оңтүстік Калимантан провинциясының Банджармасин қаласына қарай жол тартқан. Кеме 89 көлікті де тасымалдаған.
Жолай кеме қолайсыз ауа райына тап болды. 13 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 02:00-де кемемен байланыс үзілді.
Бұған дейін осы апаттан 6 адамның көз жұмғаны хабарланған еді.
