Сурет: ашық дереккөз
Қазақстан әйелдер құрамасы бүгін Самарқандтағы 2026 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының 7-турында Қытай құрамасымен ойнайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бірінші тақтада Қазақстан көшбасшысы Бибісара Асаубаева (2536) Олимпиада қатысушылары арасында рейтингі ең жоғары қытайлық шахматшы Чжу Цзиньэрмен (2550) кездеседі.
Командалық құрам: 1-тақта: Бибісара Асаубаева – Чжу Цзиньэр; 2-тақта: Алуа Нұрман – Сун Юйсинь; 3-тақта: Меруерт Камалиденова – Лу Мяои; 4-тақта: Эльназ Калиахмет – Тяньци Янь.
Қазіргі турнирлік кестеде Қытай мен Қазақстан құрамалары жеке-дара көш бастап келеді. Екі команда да 6 турдан кейін мүмкін болған 12 ұпайдың барлығын жинаған. Қосымша көрсеткіштер бойынша Қытай бірінші орында.
Гроссмейстер Чжу Цзиньэр – беделді ФИДЕ Гран-при сериясының жеңімпазы, өткен Олимпиаданың алтын жүлдегері және 2026 жылғы Үміткерлер турнирінің қола жүлдегері.
Бұған дейін Бибісара Асаубаева Cairns Cup турнирінде қытайлық қарсыласына есе жіберген болатын.
