Басты тақырып

Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі сотта сөз сөйледі

Сурет: Жоғарғы сот

Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс бойынша оның бұрынғы күйеуі Әділет Зейнел сот жарыссөзінде сөйледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ол нақты біреуді айыптамайтынын, бірақ ғимарат құрылысы мен қауіпсіздігін бақылағандардың әрекетіне сот баға бергенін қалайтынын жеткізді. Қандай үкім шықса да, қаза болған әйелді қайтару мүмкін емес, дегенмен сот шешімі тұрғын үй салушылар мен пайдалануға қабылдаушылар үшін ескерту болуы тиіс.

«Біз ешкімді айыптап отырған жоқпыз. Біз шындықтың болғанын қалаймыз. Барлығын сіздердің шешімдеріңізге қалдырамыз және дұрыс шешім қабылдайсыздар деп ойлаймыз», деді Әділет Зейнел.

Еске салайық, қайғылы оқиға былтыр 8 қарашада болған. Тоғыз қабатты үйдің қасбетіндегі кірпіш қаптама мен кондиционер құлап, жедел жәрдем фельдшері үйінді астында қалған адамды алып шығуға әрекет жасаған. Алайда кондиционер оның басына құлаған. Қыздың бас сүйегіне трепанация операциясы жасалған, кейін ол алған жарақатынан қайтыс болды.

Бұған дейін құрылыс саласының сарапшысы Вероника Лабаева Тәуелсіздік көшесіндегі 9 қабатты тұрғын үй бастапқыда 5 қабатты етіп жобаланғанын айтқан болатын.

Көп оқылғандар