Қоғам

Суретшілер Баяш ауылында күзгі пленэр өткізді

Сурет: ті түсірген – автор

Қазан айында облыстық А.Пушкин атындағы кітапхана ұйымдастырған күзгі пленэрге бір топ суретшілер қатысып, табиғаттың күзгі көріністерін кенепке түсірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Суретшілер этюд жазу үшін Баяш ауылының маңындағы тау бөктерін таңдады. Ауылдың тозыңқы көрінісіне қарамастан, қылқалам шеберлері үшін бұл жер таптырмас орын болды. Олар қисайған қоршаулар, тастан қаланған қора-қопсылар мен жадау үйлерді бейнелеуге кірісті.

Ауыл тұрғындары суретшілермен әңгімелесіп, тіпті иттері де келіп еркеледі. Шеберлер қысқа уақыт ішінде қос-қостан этюд жазып үлгерді.

Пленэрді ұйымдастырған кітапхана ұжымына суретшілер алғыс білдірді. Жоспар бойынша, Республика күні қарсаңында осы этюдтер мен басқа да картиналардың көрмесі өткізіледі.

Көп оқылғандар