Қаржы

2027 жылғы бюджетте мұнай бағасы 70 доллар деп есептелді

Сурет: istockphoto.com

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасы барреліне 70 доллар деңгейінде есепке алынған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айтуынша, егер нарықтағы баға осы деңгейден жоғары болса, бюджетке қосымша кіріс түседі. Ол халықаралық қаржы ұйымдарының болжамдарына сүйену қажеттігін атап өтті.

«Егер баға осы деңгейде сақталса, бұл бюджетке қосымша түсім әкеледі, өйткені біз есептеулерде 70 долларды негізге алып отырмыз. Егер баға бұдан жоғары болса, қосымша кіріс түседі. Алайда халықаралық қаржы ұйымдарының болжамдарына сүйену қажет. Олар орта есеппен 70 доллар деңгейінде консенсус-болжам жасады. Мысалы, АҚШ Энергетика министрлігі мұнай бағасын 70 доллардан төмен деңгейде болжап отыр. Ал Дүниежүзілік банк 73-74 доллар болады деп есептейді», деп түсіндірді Азамат Әмрин.

Вице-министрдің сөзінше, мұндай болжамдарды 18 халықаралық қаржы ұйымы ұсынып отыр. 2027 жылы бюджетке қанша түсім болатыны туралы нақты жауап айту әзірге ерте, себебі мұнай бағасындағы айырмашылық айтарлықтай болуы мүмкін.

«Қазір болып жатқан жағдай уақытша факторлар. Ал бюджетке мұнайдың бағасын белгіленген деңгейде енгізу объективті шешім», деп атап өтті депутат Татьяна Савельева.

Айта кетейік, Brent маркалы мұнайдың бағасы шілде айының соңынан бері алғаш рет барреліне 100 долларлық межеден асты. Соңғы бір айда шикізат бағасы шамамен төрттен бір есе қымбаттады.

Көп оқылғандар