Басты тақырып

Алматы тауларында оңтүстіккореялық азаматты іздеу бір аптаға жуықтады

Сурет: 112 кз

Алматы тауларында жоғалып кеткен Оңтүстік Корея азаматын іздеу жұмыстары бір аптаға жуық уақыттан бері жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, құтқарушылар Корея Республикасы азаматын іздеу аясында таулы аймақтарды тексеруді жалғастыруда. Жұмыстар жер бедерінің күрделілігі, аумақтың үлкендігі және биіктіктің күрт өзгеруі жағдайында жүргізілуде. Қол жетуі қиын учаскелерге, тау беткейлеріне, шатқалдарға және басқа да жүру қиын аумақтарға ерекше назар аударылуда.

«Құтқарушылар Корея Республикасының азаматын іздеу аясында таулы аймақтарды тексеруді жалғастырып жатыр. Жұмыстар жер бедерінің күрделілігі, аумақтың үлкендігі және биіктіктің күрт өзгеруі жағдайында жүргізілуде. Қол жетуі қиын учаскелерге, тау беткейлеріне, шатқалдарға және басқа да жүру қиын аумақтарға ерекше назар аударылуда», деп хабарлады Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, іздеу-құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдары, сондай-ақ еріктілер жұмылдырылған. Барлығы 88 адам, 10 техника, үш кинологиялық есептоп және жеті ұшқышсыз ұшу аппараты жұмыс істеп жатыр.

«Іздеу жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Жұмылдырылған күштер мен құралдар таулы аумақтарды кезең-кезеңімен тексеріп жатыр. Іздеу-құтқару операциясының барысы Төтенше жағдайлар министрлігінің тұрақты бақылауында», – деп толықтырды министрлік.

Еске салайық, 1953 жылы туған Оңтүстік Корея азаматының жоғалғаны туралы ақпарат құтқарушыларға 29 қыркүйекте түскен.

Көп оқылғандар