Сурет: Egemen Qazaqstan
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы 2027 жылғы 23 қаңтарда Данияның Хорсенс қаласында Якоб Банкпен жекпе-жекке шығады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл кездесуде суперорта салмақтағы WBO нұсқасы бойынша бос тұрған әлем чемпионы белбеуі сарапқа салынады.
Әлімханұлы кәсіпқой бокста 17 жеңіске жеткен, оның 12-сі нокаутпен аяқталған. Якоб Банк болса 20 жекпе-жектің барлығында жеңіске жетіп, 11-ін нокаутпен аяқтаған.
Бұған дейін британдық боксшы Хамза Шираз Әлімханұлымен жекпе-жек өткізіп, титулын қорғаудан бас тартқан. Осыған байланысты WBO чемпионының бос белбеуі үшін кездесу ұйымдастырылмақ.
Мазмұнға өту
