Қоғам

Әлеуметтік жағдай өзгерсе, жәрдемақы автоматты түрде беріле ме?

Сурет: gov.kz

Отбасының цифрлық картасындағы әлеуметтік әл-ауқат санаты тұрақты емес. Еңбек министрлігі брифингте түсіндіргендей, жүйе мемлекеттік ақпараттық базалардағы деректерді үнемі жаңартып отырады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар ай сайын отбасы құрамы мен жалпы саламаттылық деңгейі қайта қаралады.

Мысалы, отбасы мүшелерінің бірі жұмыстан айырылса немесе материалдық жағдай айтарлықтай өзгерсе, бұл әл-ауқатты бағалауға әсер етеді. Егер отбасы мемлекеттік қолдауға құқығы бар санатқа ауысса, тиісті көмек заңда белгіленген талаптарға сай тағайындалады немесе қайта беріледі.

Алайда санат өзгерді екен деп, ақша бірден автоматты түрде аударылмайды. Алдымен жәрдемақы алуға қажетті басқа да талаптар тексеріледі. Сондықтан азаматтарға жеке мәліметтерін уақытында жаңартып отыру және қате ақпарат болса, оны түзету мүмкіндігінің болуы маңызды.

Деректерді тексеруге келісім бермеген азаматтардың жәрдемақысы уақытша тоқтатылуы мүмкін.

Көп оқылғандар